Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр.

9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.

gov.kz


Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан) прошел институциональную и специализированную независимые аккредитации и имеет бессрочную Генеральную лицензию №15001761 с правом выдачи дипломов государственного образца.

© 2015-2022 Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан). Колледж — один из первых некоммерческих учебных заведений столицы Казахстана, был создан и получил бессрочную лицензию на ведение образовательной деятельности в 1999 году.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт разработан в Webmarka

Колледж объявляет прием абитуриентов на 2024-2025 учебный год ПОДРОБНЕЕ...
Toggle Bar