2024-2025 оқу жылына Экономика заң колледжіне түсу үшін құжаттар қабылдау басталды

2024 жылдың 20 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылына колледждің барлық мамандықтары бойынша оқуға талапкерлерді қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды

2024 жылдың 20 маусымынан бастап 2024-2025 оқу жылына колледждің барлық мамандықтары бойынша оқуға талапкерлерді қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастайды

Оқыту мемлекеттік тапсырыс бойынша (стипендия төленетін бюджеттік топтар) келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады:

  • 02120100 Интерьер-дизайны, біліктілігі 4S02120103 Интерьер дизайнері;
  • 04110100 Есеп және аудит, біліктілігі 4S04110102 Бухгалтер;
  • 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), біліктілігі 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы;

04210100 Құқықтану, 4S04210101 Заңгер біліктілігі бойынша қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.

Экономика-заң колледжі (Астана қ.) тұрақты түрде (әр 5 жыл сайын) мемлекеттік аттестатциялауды сәтті өтеді, кезекті аттестатциялаудан 2024 жылдың сәуір айында өтті.

Оқу ақысын төлеу жүйесі икемді және сапалы білім алғысы келетіндердің барлығына қол жетімді!

Колледжде оқуға арналған бірқатар жеңілдіктер мен гранттар бар (мына жерден қараңыз). Негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына өтініштерді қабылдау келесі күндерде жүзеге асырылады:

  • 20 маусымнан 18 тамызға дейін — негізгі білім беру базасында (9 сынып.);
  • 20 маусымнан 20 тамызға дейін-жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында (11 сынып);

Ақылы негізде: 20 маусымнан 25 тамызға дейін;

Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін – «Интерьер дизайны» (түрлері бойынша)) мамандығы бойынша.

Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

Колледжге құжаттарды тапсыру кезінде:

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  4. № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
  5. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

  1. шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты;
  2. азаматтығы жоқ тұлға-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. босқын-босқын куәлігі;
  4. пана іздеуші тұлға -пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  5. қандас-қандас куәлігі.

— Порталға жүгінген кезде:

  1. көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
  2. білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе білім туралы құжаттың электронды нұсқасы;
  3. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
  4. көлемі 3х4 см сандық фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.

Байланыс Астана қаласының экономикалық-заң колледжі

"Экономика-заң колледжі", Астана қ., Сембинов к-сі, 23 ("Автопарк №2" аялдамасы, авт. № 5, 8, 14, 1, 22, 40, 64, 72)

Тел: +7 (7172) 52-15-19, 52-15-18

Моб: +7 (778) 928 86 45

Сайт: www.euk.edu.kz


Астана қаласының Экономика-заң колледжі бүгінгі таңда мемлекеттік үлгідегі диплом беру құқығы бар, институционалдық және мамандандырылған тәуелсіз аккредитациядан өтті және №15001761 бас лицензияға ие.

© 2015-2022 Экономика-заң колледжі Астана қаласы, Қазақстан. 1999 жылы құрылып арнайы орта білімді кадрларды дайындау бойынша білім қызметін жүргізу лицензиясын алды.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт жасаған Webmarka