Колледжге қабылдау ережелері

Колледжге қабылдау техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын «Экономика-заң колледжі» мекемесіне оқуға қабылдау Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Оқыту мемлекеттік тапсырыс бойынша (стипендия төленетін бюджеттік топтар) келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырады:

  1. 02120100 Интерьер-дизайны, біліктілігі 4S02120103 Интерьер дизайнері;
  2. 04110100 Есеп және аудит, біліктілігі 4S04110102 Бухгалтер;
  3. 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), біліктілігі 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы.

04210100 Құқықтану, 4S04210101 Заңгер біліктілігі бойынша қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.

Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар (жоғары кәсіптік), Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар қабылданады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына өтініштерді қабылдау келесі күндерде жүзеге асырылады:

  • — 2023 ж. 20 маусымнан 18 тамызға дейін - негізгі білім беру базасында (9 сынып);
  • — 2023 ж. 20 маусымнан 20 тамызға дейін - жалпы орта (11 сынып), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында.
  • Ақылы негізде — 2023 ж. 20 маусымнан 25 тамызға дейін

Шығармашылық дайындықты талап ететін «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін.

Қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

Колледжге құжаттарды тапсыру кезінде:

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  4. № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
  5. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар, олардың мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

  1. шетелдік-шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты;
  2. азаматтығы жоқ тұлға-азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  3. босқын-босқын куәлігі;
  4. пана іздеуші тұлға -пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  5. қандас-қандас куәлігі.

— Порталға жүгінген кезде:

  1. көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
  2. білім туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе білім туралы құжаттың электронды нұсқасы;
  3. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтамалар құжаттарының электрондық көшірмелері 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
  4. көлемі 3х4 см сандық фотосурет, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 29 шілде мен 2 тамызы аралығында өткізіледі.

Бағалардың орташа балы:

  • негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 — сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан. «Интерьер дизайны» мамандығына түсушілер үшін-үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан;
  • жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін — төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан. «Интерьер дизайны» мамандығына түсушілер үшін - төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан;
  • ейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін – төрт пән бойынша бағалардан: міндетті пәндер(қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша бағалардан/балдардан (қажет болған жағдайда) және шығармашылық емтиханның бағаларынан қалыптасады.

Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі.

Колледж студенттерінің құрамына қабылдау — 2023 жылдың 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Байланыс Астана қаласының экономикалық-заң колледжі

"Экономика-заң колледжі", Астана қ., Сембинов к-сі, 23 ("Автопарк №2" аялдамасы, авт. № 5, 8, 14, 1, 22, 40, 64, 72)

Тел:+7(7172) 52-15-19, 52-15-18

Моб:+7(702) 829 17 17. +7(777) 683 58 30. +7(778) 928 86 45

Сайт: www.euk.edu.kz 


Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан) прошел институциональную и специализированную независимые аккредитации и имеет бессрочную Генеральную лицензию №15001761 с правом выдачи дипломов государственного образца.

© 2015-2022 Экономико-юридический колледж (Астана, Казахстан). Колледж — один из первых некоммерческих учебных заведений столицы Казахстана, был создан и получил бессрочную лицензию на ведение образовательной деятельности в 1999 году.

Яндекс.Метрика
Рейтинг@Mail.ru

Сайт разработан в Webmarka

Колледж объявляет прием абитуриентов на 2024-2025 учебный год ПОДРОБНЕЕ...
Toggle Bar